A+ A A-

talgatzhan 32 20-05-2025, 12:25 0

ШҚО-ға былтыр 428 мың турист келді

Бүгін / ШҚО

2024 жылы өңірде туризм саласы айтарлықтай дамыды. Мемлекет басшысы бекітілген тапсырмаларға сәйкес туризм ел экономикасының жаңа өсу нүктесіне айналуы тиіс. Бұл бағытта облыста бірқатар нақты шара жүзеге асырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Досжан Болатбектің сөзінше, өткен жылы аймаққа жалпы саны 428 мың турист тіркелген. 
- Оның ішінде 410 мыңы – ішкі туристер (өсу қарқыны – 16,5%), ал 18 мыңы – шетелдік азаматтар, - деді ол. 
Белгілі болғандай, туризм саласына 15,0 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға артық. 
2024 жылы облыста 5 ірі туристік нысанның құрылысы аяқталды. Сонымен қатар инфрақұрылымды жақсарту мақсатында 600 шақырым жол жөнделді. Оның 121 шақырымы - туристік бағыттарға апаратын жолдар.
- Биыл бұл көрсеткіш арта түспек. Жалпы 721 шақырым жолды жөндеу жоспарланған, оның ішінде 377 шақырымы облыстық, ал 344 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар. Өңір үшін маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы толық аяқталды. Құны 60 млрд теңгеге жуық бұл жоба облыстың алты ауданын байланыстырып, көлік қатынасын едәуір жеңілдетті, - дейді басқармасы басшысының орынбасары Досжан Болатбек.
Сондай-ақ ірі мәдени-туристік іс-шаралар (event жобалар) өткізу бағытында белсенді жұмыстар жүргізілмек. 
Осылайша, Шығыс Қазақстанда туризм саласын одан әрі дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және туристік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады. 

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА 
Фотосурет автордікі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив