A+ A A-

talgatzhan 41 21-05-2025, 13:00 0

ШҚО тұрғыны 7 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды

Бүгін / ШҚО

Өскемен қаласының тұрғыны ірі көлемдегі қаржыдан айырылып, полицияға жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың қаңтарында танысы анасының еміне ақша қажет екенін айтып, 7 714 000 теңге алған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, осындай жағдай туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, бірден «102» нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласыңыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив