Өрт қауіпті маусым басталғалы облыс аумағында жалпы өртенген ауданы 181,1 гектар құрайтын 4 орман өрті тіркелді. Алда құрғақ жаз күтіп тұр, сондықтан өрт сөндіру дағдыларын алдын ала пысықтап, дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқу-жаттығулардың алғашқы күнінде ШҚО ТЖД-нің Жедел басқару орталығында штаб құрылды. Аймақта хабарландыру жүйесі – теле және радиоарналарды басып алу арқылы тексерілді. Оперативтік топ басшылары мен қызмет жетекшілерінің есептері тыңдалды.
- Штабтық жаттығу облыстың азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайын күйге келтіруге, басқару, жағдай туралы деректерді жинау, қорыту және талдау, сондай-ақ табиғи өрттерді жою және құтқару мен өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге бағытталған, – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
Өрт қауіпті кезеңге ШҚО ТЖД-де 1589 қызметкер мен 306 техника бірлігі бар. Сондай-ақ, өрт қаупі жоғары маусымда жағдайды бақылау үшін пайдаланылатын 12 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.
Қазіргі уақытта ШҚО-да алдын алу рейдтерін жүргізіп, ықтимал өрттердің алдын алуға бағытталған арнайы мобильдік топтар жұмыс атқаруда.
Пікірлер