2024 жыл мен 2025 жылдың бірінші тоқсаны аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Департаменті 8 тергеу жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нәтижесінде 4 әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар 13 ескерту және «жұмсақ құқық» саясаты аясында 2 ескерту берілді. Олардың бірі көмір бағасының өсуіне қатысты жарияланымдарға байланысты.
Пікірлер