A+ A A-

talgatzhan 30 22-05-2025, 14:30 0

ШҚО-да 368 оқушы “Алтын белгіге” үміткер

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, өңірдегі 343 мемлекеттік мектепте (148 – мемлекеттік тілде, 100 – орыс тілінде, 95 – аралас) 98 мыңнан астам оқушы білім алады. Биыл оқу жылы жоспар бойынша тәмамдалады. 
- Меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Сынып сағаттары мен салтанатты жиындар 23 мамырға жоспарланған, - деді Инесса Чернышева.
Осы жылы облыста 9104 оқушы 9 сыныпты аяқтайды. Оның 994-і ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер, ал 3724 түлек (41%) колледжге түсуді жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, биыл 4430 бала мектеп қабырғасымен қоштасады. Оның 368-і «Алтын белгі», 403-і үздік аттестат иегері атануға үміткер.
Айта кетейік, 3342 түлек (76%) жоғары оқу орнына, 316 түлек (7,2%) колледжге түсуге ниет білдіріп отыр. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив