ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуір-31 тамыз аралығында өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазіргі таңда 9729 баланың 6166-сы (63,3%-ы) өтініш тапсырған.
- 2025–2027 жылдарға арналған «1300 мектепті жаңғырту» бағдарламасы аясында 4,4 млрд теңгеге 5 білім ордасында күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ 60 білім беру ұйымы ағымдағы жөндеуден өтеді. Ол үшін 1 408,2 млн теңге бөлінді. Тиісті жұмыстар жазғы демалыс кезінде қолға алынып, жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталады, - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.
Қазір 18 нысанға қатысты келісімшарттар жасалған, 37 нысан бойынша конкурс жалғасуда. Тағы 5 нысанда жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Айта кетейік, биыл мектептерге арналған жаңа оқулықтарды сатып алуға 450 млн теңге қарастырылған.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер