A+ A A-

talgatzhan 30 22-05-2025, 16:00 0

ШҚО-да мектеп түлектерінің 84 пайызы ҰБТ тапсырады

Бүгін / ШҚО

ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышеваның айтуынша, биыл 3711 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырса, 3967 оқушы (90%) сынама тестілеуден өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Оқуға түсушілер тестілеуді 5 рет тапсыра алады. Негізгі ҰБТ-ны 2 мәрте тапсырып, ең үздік нәтижелерін грант байқауына ұсынуға мүмкіндік бар. Қалған 3 тестілеуді жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін тапсыруға болады. ҰБТ С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың бас корпусында өтеді, - деді  Инесса Чернышева. 
Сонымен қатар мемлекеттік емтихандар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №125 бұйрығына сәйкес дәстүрлі форматта өтеді.
- 9 сынып оқушылары 29 мамыр мен 10 маусым аралығында, 11 сынып оқушылары 30 мамыр мен 16 маусым аралығында емтихан тапсырады. Ал 5-8 және 10 сынып оқушылары 26–30 мамыр аралығы емтихан тапсырады. Ол мемлекеттік тілде білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнінен, орыс тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен өтеді, - дейді басқарма басшысы 
Естеріңізге сала кетейік, денсаулығына байланысты немесе басқа да себептермен емтиханнан босатылатын оқушылардың тізімі дайындалу үстінде. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив