A+ A A-

talgatzhan 26 22-05-2025, 16:20 0

«Шаңырақ шуағы»: ШҚО-да отбасы мен кітап құндылықтарын ұлықтаған мерекелік шара өтті

Бүгін / ШҚО

22 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Отбасында өмір сүру бақыты» республикалық іс-шаралар жоспары аясында «Шаңырақ шуағы» атты мерекелік мәдени шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұл тағылымы терең, мазмұны мәнді шара отбасылық құндылықтарды дәріптеп, кітап оқудың маңыздылығын насихаттауға бағытталды.

– Осы арқылы біз, ең алдымен, отбасы құндылықтарын дәріптеп, кітап оқудың рухани маңызын жұртшылыққа жеткізуді мақсат еттік. Қазақ халқы үшін отбасы – тәрбие мен ізгіліктің алтын ұясы. Ал сол ұядағы сыйластық пен мейірімге баулу – ұлттың ертеңін ойлаған жанның басты борышы. Өскелең ұрпаққа осы құндылықтарды сіңіру – болашаққа бастар баянды жол деп білемін, – деді кітапхананың коммуникация орталығының жетекшісі Эльмира Сейтқазықызы.

Шара аясында «Чудо-детки» дамыту студиясының психолог маманы балалар мен ата-аналарға арнап арнайы кездесу өткізді. Жылы жүздесу барысында тәрбие берудің өзекті мәселелері, отбасындағы эмоционалды жақындықтың маңызы және ата-ана мен бала арасындағы тиімді қарым-қатынас орнату жолдары кеңінен талқыланды.

Ізгілік пен мейірімге, рухани дамуға жол ашқан бұл мерекелік шара қатысушылардың жүрегінен орын тауып, отбасылық бірліктің қадірін тереңірек ұғынуға себеп болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив