Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышеваның айтуынша, қазіргі уақытта 12 гектардан асатын жер телімі рәсімделуде.
- Жобалық-сметалық құжаттама әзірленген соң құрылыс жұмыстары басталады. Халықаралық “Артек” лагеріне ұқсас демалыс орны Риддерден 5 шақырым жерде орналаспақ. Ол жыл бойы жұмыс істейді. Бір ауысымда 200 бала тегін демала алады. Олардың қатарында түрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген үздік оқушылар мен ерекше қажеттілігі бар балалар бар. Әр санат үшін жеке бағдарлама дайындалады, - деді Инесса Чернышева.
Анықталғандай, оқушылар демалып қана қоймай, жан-жақты білім алады. Сабақтар қазақ және орыс тілінде өтеді. Ол үшін Риддердегі мектеп ұстаздары, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары тартылады.
Айта кетейік, лагерьдің атауын балалар өздері қояды. Ол үшін арнайы конкурс ұйымдастырылмақ.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер