ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, бұл бірнеше жылдан бері өзекті мәселе саналады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Мектеп бітіру кеші - бұл әр баланың өміріндегі ерекше күн. Түлектер білім ордасымен, ұстаздарымен қоштасып, алғыстарын білдіреді. Біз жыл сайын ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Мектеп бітіру кешін ұйымдастырып, қыруар қаржы жұмсаудың қажеті жоқ. Білім ошағына, ұстаздарға сыйлық алу үшін ақша жинау да керек емес. Жалпы, оқу жылының аяқталуы туралы ортақ түсінік қалыптасуы тиіс. Сондықтан бұл мерекенің мектеп қабырғасында өткені дұрыс, - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.
Бұдан бөлек, басқарма басшысы әр мектепте демеушілік шоттың бар екенін атап өтті. Ондағы қаржы білім ордасының материалдық-техникалық базасын жаңартуға жұмсалады.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер