A+ A A-

talgatzhan 32 23-05-2025, 18:00 0

ШҚО-да Kazakhstan Fashion Week Oskemen сән апталығы өтеді

Бүгін / ШҚО

24 мамырда Өскеменде сән индустриясының көптен күткен оқиғаларының бірі – Kazakhstan Fashion Week Oskemen өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сән апталығын өткізудегі мақсат – шығысқазақстандық жас дизайнерлерді қолдау, шығармашылық қабілеттерін аша түсу.

- Мен осы сән апталығына өзімнің толыққанды коллекциямды шығарып отырмын. Қазіргі таңдағы мақсатым – коллекциям арқылы ішкі құпиялықты көрсету. Яғни, бұл жерде көбінесе қара, қоңыр, сұр түсті қолдана отырып, әр адамның жан дүниесіндегі сырын, құпия жағын ашу, - деді алматылық дизайнер Аяужан Нұрбек.

Сән апталығы аясында Қазақстан, Тәжікстан, Грузия және Қырғызстан дизайнерлері өз топтамаларын ұсынады. Олар заманауи креативті шешімдер мен ұлттық бірегейлікті дизайн арқылы көрсетеді. Кеш қонақтарының арасында Kazakhstan Fashion Week, Tajikistan Fashion Week және Georgian Fashion Week бас директорлары бар. Аталған шараға Шығыс Қазақстан облысының атынан эксклюзивті қалыңдық көйлектерін тігумен айналысатын «Шолпан» ательесінің модельері Бота Якупова қатысады.

– Біздің келіндер дәстүрге берік болса да, көйлек дизайнын еуропалық стильмен ұштастыруды жақсы көреді. Дизайнерлердің көзқарасына сенім арта бастағанымызға өте қуаныштымын, – дейді Бота Якупова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив