A+ A A-

talgatzhan 35 27-05-2025, 11:15 0

ШҚО-да әлеуметтік маңызды азық-түліктерді бекітілген бағамен сату жалғасуда

Бүгін / ШҚО

Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бағдарламасы аясында «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының сауда павильондарында маусымаралық кезеңге арналған көкөніс өнімдерін бекітілген бағамен сату жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сәуір айында облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия шешімімен осы өнім түрлеріне арналған бағалар бекітілді.

Маусымаралық кезең - 31 шілдеге дейін төрт түрлі көкөніс өнімі бекітілген баға бойынша саудаға шығарылды: картоп — 263 теңге/кг, сәбіз — 185 теңге/кг, пияз — 360 теңге/кг, қырыққабат — 263 теңге/кг; қарақұмық — 181 тг/кг, күріш — 432 тг/кг, қант — 417 тг/кг, өсімдік майы — 720 тг/кг, макарон өнімдері — 305 тг/кг. Аталған өнімдер тұрақтандыру бағдарламасына қарасты сауда павильондарында халыққа қолжетімді.

Маусымаралық кезеңдегі бұл шара көкөніс бағасы әдетте қымбаттайтын уақытта тұрғындарды қолдауға бағытталған. Бұл кезеңде көктемгі егіс жұмыстары жүргізіледі, соған байланысты нарықта өнім көлемі азайып, бағалар өсе түседі.  

Айта кету керек, тамыз, қыркүйек және қазан айларында — саяжай иелері мен ауыл шаруашылығы өндірушілері өнімін жаппай саудаға шығаратын уақытта — тұрақтандыру бағасымен сату уақытша тоқтатылады. Бұл жергілікті өндірушілерге өз өнімдерін еркін өткізуге мүмкіндік беру мақсатында қолға алынып отыр.

1 қарашадан бастап 2026 жылдың мамырына дейін бағаны тұрақтандыру бағдарламасының күзгі-қысқы кезеңі қайта басталады. Картопты қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларын жеткізу бойынша келісімшарттар жасалып қойған. Бұл алдағы маусымда бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар келесі жылдың көктеміне арналған өнім қоры да алдын ала қарастырылған.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағдарламасы аясында өңір тұрғындарына төмен бағамен өнімдер сатылатын сауда павильондары жұмыс істеп тұр.

Сауда нүктелерінің мекенжайлары төменде көрсетілген:

1. Серікбаев көшесі, 27-үйдің маңы

2. Потанин көшесі, 31-үйдің маңы

3. Вострецов көшесі, 19-үйдің маңы

4. Назарбаев даңғылы, 84-үйдің маңы

5. Қабанбай батыр көшесі, 162-үйдің маңы

6. Михаэлис көшесі, 20-үйдің маңы

7. Машина жасаушылар көшесі, 2-үй

8. Өтепов көшесі, 2-үйдің маңы

9. Есенберлин көшесі, 6а-үйдің маңы

10. Б. Гагарин көшесі, 25-үйдің маңы

11. Славский жағалауы, 3-үйдің маңы

12. Лихарев көшесі, 11-үйдің маңы

13. Красин көшесі, 1/1-үйдің маңы

14. Қ. Сәтпаев даңғылы, 15-үйдің маңы

«Ертіс» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив