A+ A A-

talgatzhan 40 27-05-2025, 10:00 0

ШҚО елдегі өндірістік жарақат саны бойынша үшінші орында тұр

Бүгін / ШҚО

Былтыр елде өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 7,5%-ға төмендеп, 2471-ге жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның ішінде 288 адам топтық жазатайым оқиғалардан, 529-ы кәсіптік аурулардан, 26-сы уланудан зардап шеккен. 

Өндірісте көз жұмғандар саны 24,8%-ға азайды.

Жарақат алудың ең төменгі деңгейі Жетісу облысында (20 жағдай), Шымкентте (30 жағдай) және Солтүстік Қазақстан облысында (38 жағдай) тіркелді. 

Ал Шығыс Қазақстан ең көп зардап шеккен өңірлер арасында үшінші орында тұр. 

Жазатайым оқиғалардың 32,4%-ы өңдеу өнеркәсібінде, 19,4%-ы тау-кен өндіру секторында, 8,3%-ы денсаулық сақтау мен әлеуметтік салада байқалады.

Кәсіптік аурулардың ішінде алдыңғы қатарда дорсалгия (274 жағдай) және пневмокониоз (129 жағдай) тұр. 

Айта кетейік, жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің көбі - 30-45 жас аралығындағы білікті жұмысшылар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив