A+ A A-

talgatzhan 32 27-05-2025, 16:40 0

ШҚО-дағы тасжолдардың бойына бұланның макеті қойылды

Бүгін / ШҚО

Ол Өскемен – Риддер – РФ шекарасы тасжолының 27-ші және 92-ші шақырымында орнатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы өкілдерінің айтуынша, жабайы жануарлар жол жиегіне жиі шығады. Сондықтан макеттер көлік жүргізушілерін ескерту үшін қажет. 

«ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының ақпаратынша, бұланның макеті Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары тасжолының 59 және 402 шақырымында да қойылады. Сонымен қатар Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары, Өскемен – Семей, Омбы – Майқапшағай – Қалжыр – Марқакөл бағыттарында жылқының макеті пайда болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив