Шығыс Қазақстанның кең алқаптарында көктемнің шуағы егіншілерге ерекше серпін сыйлады. Биыл табиғаттың мейірімді мінезі мен ауа райының қолайлылығы ауыл еңбеккерлерінің көктемгі дала жұмыстарына ерте кірісуіне мүмкіндік берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазіргі таңда облыс көлемінде ауыл шаруашылығы дақылдарын 618,1 мың гектар жерге себу жоспарланып отыр.
Соның 436,1 мың гектары, яғни 70 пайызы межеленген мерзімінен бұрын орындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артық көрсеткіш екенін атап өткен жөн, - деді Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Каджибекова.
Егіс алқаптарының құрылымы былайша қалыптасқан:
• Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 252,6 мың гектар, оның ішінде бидай – 171 мың гектар;
• Майлы дақылдар – 224,5 мың гектар, оның ішінде күнбағыс – 207 мың гектар;
• Картоп – 8,6 мың гектар, қарақұмық – 14 мың гектар;
• Жемшөп дақылдарының көлемі 129 мың гектарға дейін ұлғайды.
Қазіргі уақытта заманауи техника кеңінен қолданылып жатыр. Шаруашылықтар GPS-навигациямен жабдықталған жаңа буындағы егіс кешендерін белсенді пайдалануда. Бұл техника бір күнде 100-150 гектар алқапқа сапалы егін себуге мүмкіндік беріп, тұқым мен жанар-жағармай шығынын 10-15 пайызға дейін қысқартады. Фермерлер көктемгі науқанға толық дайын, - деді Ажар Каджибекова.
Қабылданған жүйелі шаралар мен қолдау тетіктері Шығыс Қазақстан облысындағы шаруашылықтардың көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы атқаруына толық мүмкіндік жасап отыр.
Пікірлер