Ол облыс орталығының тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңгені жымқырды деп танылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпарптынша, Өскемен қаласы №2 сотында «ТЖМ Қазселденқорғау» облыстық филиалының басшысына қатысты үкім шықты.
Оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер