A+ A A-

talgatzhan 31 28-05-2025, 16:30 0

ШҚО-да биыл 3 рет жер сілкінді

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстанда барлығы 75 сейсмикалық қауіпті елді мекен орналасқан. Жыл басынан бері өңірде 2 баллдан астам қарқындағы 3 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Глубокое ауданы мен Зайсан қаласында 2 сейсмологиялық станция бар. Шығыс Қазақстанда Ұлттық ғылыми орталықтың сейсмологиялық обсерваториясына деректерді жіберумен онлайн режимде жұмыс істейтін 12 сейсмодатчик орнатылды. Өңірдегі халықты құлақтандыру үшін 72 электр сирена, 48 сиреналық-сөйлеу құрылғысы, 23 цифрлық эфирлік телехабар тарату арнасы және 12 радиохабар тарату арнасы жұмылдырылады. ТЖД-да Шығыс Қазақстан облысында жер сілкіністерінің салдарын жою үшін жалпы саны 224 адам, 53 техника бар күштер тобы құрылды. Облыс аумағында зардап шеккен халықты қабылдаудың 182 пункті қарастырылған, - деді ШҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының аға инженері Нұрболат Утеев.

ШҚО Сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалау-сметалық бөлімінің басшысының айтуынша, 2025-2026 жылдарға Қазақстан Республикасының сейсмологиялық саласын дамытудың Кешенді жоспары шеңберінде облыс орталығының ғимараттары мен құрылыстарының сейсмикалық төзімділігіне паспорттау жоспарланған.

- Облыс аумағында 2 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй және сейсмикалық күшейтуге жататын 299 әлеуметтік маңызы бар объект, оның ішінде 164 мектеп, 51 балабақша, 84 денсаулық сақтау объектісі бар. Қазіргі уақытта Өскемен қаласы бойынша жер сілкінісіне төзімділікке бірінші кезекте паспорттауға жататын әлеуметтік маңызы бар объектілер мен көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, - деді Гүлмира Сәтбаева.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив