Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті күнбағыс майын көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Департамент Шығыс Қазақстан облысының шекараларында күнбағыс майын көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспардан тыс талдау жүргізеді.
Талдау жүргізу мақсаттары;
Нарықтың тауарлық және географиялық шекараларын анықтау;
Өзара алмастырылатын тауарлардың критерийлерін анықтау;
Тауар нарығының көлемін және тауар нарығындағы нарық субъектілерінің үлесін есептеу;
Тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін бағалау;
Бәсекелестіктің дамуына әсер ететін нарық субъектілері қызметінің кедергілерінің, қиындықтарының не өзге де шектеулерінің бар екендігін куәландыратын мән-жайларды немесе белгілерді айқындау, оның ішінде тауар нарығына кіру кедергілерін айқындау;
Монополияға қарсы заңнаманың ықтимал бұзушылықтарын анықтау.
Пікірлер