21 мамырдағы жағдай бойынша облыстың эндемиялық аумақтарындағы 2787 адам кене шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратынша, кенеден зардап шеккендердің көбі Өскеменде (1551 жағдай) анықталған. Сондай-ақ Риддер қаласы (298 жағдай), Шемонаиха (274 жағдай), Алтай (247 жағдай), Катонқарағай (136 жағдай), Глубокое (133 жағдай), Үлкен Нарын (86 жағдай), Самар (15 жағдай), Ұлан (4 жағдай) аудандарында тұрғындарды кене шақты.
- Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері Риддер мен Катонқарағайда кене энцефалитінің екі жағдайы, Риддер мен Алтайда Лайм ауруының екі жағдайы тіркелді, - делінген ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінде.
Пікірлер