A+ A A-

talgatzhan 31 29-05-2025, 16:50 0

ШҚО-да жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлік байқауы өтті

Бүгін / ШҚО

Ұлан ауданына қарасты Таврия кентінде кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

2025 жыл — Қазақстанда Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Бұл бастама – жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызын арттыру, олардың мәртебесін көтеру және жастарды еңбекке баулу мақсатында қолға алынған маңызды қадам. Аталған байқаудың да басты мақсаты – жұмысшылардың кәсіби шеберлігін арттыру, оларды ынталандыру және еңбек адамына деген құрметті күшейту. Мұндай жарыстар еңбек дағдыларын жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

Байқауға әртүрлі сала мамандары қатысты. Атап айтқанда, электрмонтерлер, өндірістік шеберлер, көлік жүргізушілері және басқа да техникалық бағыттағы жұмысшы мамандар қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды. Олар өз кәсіптеріне тән тапсырмаларды орындап, кәсіби дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.

- Бұл шара – еліміздегі еңбек адамының беделін көтеріп, жастарды жұмысшы мамандықтарға баулу жолындағы маңызды қадам. Өндірістік саланың ілгері дамуы – осындай мамандардың тынымсыз еңбегінің арқасы екенін ұмытпаған жөн. Олар – ел экономикасының берік тірегі, қоғам өмірінің тұрақты дамуына негіз болатын кәсіп иелері, - деді «БЭСК» АҚ Алтай аймақтық бөлімшесінің директоры Ерболат Әлпиев. 

Осындай кәсіби шеберлік байқаулары — жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттырумен қатар, олардың кәсіби өсуіне және тәжірибе алмасуына жол ашады. Бұл әсіресе, техникалық білім мен еңбек дағдыларына негізделген тұрақты дамуға бағытталған заманауи қоғам үшін аса маңызды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив