A+ A A-

talgatzhan 32 30-05-2025, 13:00 0

ШҚО мектептері 40 жаңа үлгідегі пәндік кабинетпен толықтырылады

Бүгін / ШҚО

Өткен жылы облыстағы білім ордаларында 45 жаңа үлгідегі пәндік кабинет сатып алынды. Оның ішінде 9 химия, 9 биология, 9 физика, 9 STEM және 9 робототехника кабинеті бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Биылғы оқу жылына тағы 40 кабинет сатып алу жоспарланған. Атап айтқанда, 8 химия, 8 биология, 8 физика, 8 STEM және 8 робототехника кабинеті. Бүгінгі күні соның 15-і жеткізілді, – деді облыс әкімдігінің отырысында білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

Бұған қоса, өткен жылы Өскемендегі «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубтар бірлестігіне және Шемонаиха ауданындағы Убин орта мектебіне екі автобус алынды.

Биыл облыстық бюджет есебінен тағы төрт мектеп автобусын сатып алуға қаражат бөлінді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив