A+ A A-

talgatzhan 30 30-05-2025, 15:00 0

ШҚО-да жол бойына жылқының макеті қойылды

Бүгін / ШҚО

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы барысында Тарбағатай және Марқакөл аудандарындағы тасжол учаскелерінде жануарлардың арнайы макеттері орнатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұндай визуалды ескерту белгілері жүргізушілерге жылдамдықты алдын ала төмендетуге және жол жиегінде жануарлар кездесетін орындарда барынша сақ болуға көмектеседі.

Макеттерді орнату – жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылар мен жануарлардың өмірін сақтауға бағытталған шара. 

ШҚО Полиция департаменті жүргізушілерді сақ болуға, жылдамдық режимін және жол белгілерін арнайы белгіленген аумақтарда қатаң сақтауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив