A+ A A-

talgatzhan 0 29-05-2025, 14:17 0

ШҚО да «Қауіпсіз жол» іс-шарасы басталды

Бүгін / ШҚО

Өскемен қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өскемен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Еркін Саттыбаев мәлімдеді.
Іс-шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына тосқауыл қою және қатысушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Полиция мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы бес айында қалада 310-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 414 адам жарақат алған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Осыған байланысты патрульдік полиция қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қоғамдық көліктерге бақылау артып, жүргізушілердің құжаттары, көліктің техникалық жай-күйі және еңбек-демалыс режимі тексерілуде.

— Полиция жұмысының тиімділігі тұрғындардың қолдауына тікелей байланысты. Барша азаматтарды – ата-аналар, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырамыз, «Қауіпсіз жол» шарасы тек бір реттік акция емес, жыл бойына жалғасатын кешенді бағдарлама. Полиция өкілдері барлық азаматтарды жол қозғалысы мәдениетін дамытуға белсене атсалысуға шақырады,-деді Өскемен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Еркін Саттыбаев 

Айта кетейік, бұл шарада мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне де баса назар аударылған. Балаларға арналған жолда жүру ережелері бойынша арнайы сабақтар мектептер мен балабақшаларда ұйымдастырылуда.

Бұған қоса, түсіндіру жұмыстары мектептерде, базарларда және сауда орталықтарында кеңінен жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желілерде жол қауіпсіздігі бойынша бейнероликтер жарияланып, қала тұрғындарына ережелер туралы жадынамалар таратылуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив