Мессенджерлерде жедел қимылдайтын арнайы жасақ Белоусовка кентіндегі түрмеден қашқан қауіпті қылмыскерлерді іздестіруде деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алайда ресми арналарға бұл туралы ешқандай мәлімет келмеді. ШҚО Полиция департаментінің өкілдері ресми ақпаратпен бөлісті:
-Әлеуметтік желілерде уақытша ұстау изоляторынан тұтқындардың қашуы туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Егер күмәнді хабарламалар немесе жалған ақпартты байқасыңыз, 102 нөмеріне хабарласыңыз, - делінген Полиция департаментінің мәліметінде.
Тәртіп сақшылары азаматтарды тек ресми әрі сенімді дерекөздерге сенуге шақырады.
Пікірлер