Ресми ақпарат Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиын кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2025 жылғы көктемде Зайсан-Ертіс бассейнінде балықтардың уылдырық шашу кезеңінде балық ресурстарын қорғау шаралары өтті. Анықталғандай, мамыр айында «Таза су айдындары» акциясы ұйымдастырылып, 33,5 тонна қоқыс пен 116 иесіз балық аулау торы жойылды. Шараға жергілікті тұрғындар, оқушылар мен еріктілер қатысты. Бұдан бөлек, балық шаруашылығын дамыту және қолдау аясында да біршама жұмыс атқарылаған.
Айта кетейік, 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы халықтың балыққа қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік қолдау аясында балық өсіру кәсіпорындарына субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер беріледі. Өткен жылы осы мақсатқа 450 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.
- Рейдтер барысында заңсыз аулау фактілері анықталып, 44 келі заңсыз балық пен 133 құрал тәркіленді, 117 құқықбұзушыға әкімшілік айыппұл салынды. Жыл басынан бері 656 рейд жүргізіліп, 10 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді, - деді Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Фархат Байбазаров.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілерге сыйлық қабылдауға және құмар ойындарына баруға тыйым салынған. Әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану – міндетті талаптар.
Пікірлер