Құрбан айт мерекесіне орай Халыққа қызмет көрсету орталықтары, мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
7 маусым күні кезекші және мамандандырылған ХҚКО-лар іске қосылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Айта кетейік, жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталады.
Кезекші және мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы біле аласыз.
Пікірлер