A+ A A-

talgatzhan 32 4-06-2025, 16:20 0

ШҚО-дағы 5 мектеп республика бойынша үздіктер қатарына енді

Бүгін / ШҚО / Басты

Жуырда ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Білім сапасын қамтамасыз ету комитеті Қазақстандағы ең үздік 100 білім ордасының тізімін жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бағалау барысында әр мектеп бірнеше критерий бойынша назарға алынды. Атап айтқанда, академиялық жетістіктер, PISA халықаралық зерттеуіне қатысу, мұғалімдердің біліктілігі, оқушылардың табысы, инклюзивті білім беру сапасы және мектептегі орта. 

ШҚО Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі бес бірдей білім ошағы үздіктер қатарынан көрінді. Оның ішінде:

    • А.Байтұрсынұлы атындағы №5 жалпы білім беретін балабақша-мектеп (Шемонаиха ауданы);

    • Қалжыр орта мектебі (Марқакөл ауданы);

    • А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп (Глубокое ауданы);

    • №35 орта мектеп (Өскемен қаласы);

    • Бозанбай орта мектебі (Ұлан ауданы).

Әр мектеп ұжымына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан құттықтау хаты берілді. 

 

Қымбат МУХАМАДИЕВА 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив