ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, жыл басынан бері облыс аумағында 40 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Жасырын қойма» әдісімен есірткі сатқан 7 адам ұсталды. Тергеу барысында олардың қолынан 1,5 келіден астам «мефедрон» және «альфа-ПВП» есірткісі алынды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері есірткі өсірген 10 фитолабораторияны жойды.
Ішкі істер министрі жариялаған «Профилактика жылы» аясында жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. 200-ден астам түрлі іс-шара өткізілді.
Пікірлер