A+ A A-

talgatzhan 34 4-06-2025, 17:00 0

Мемлекеттік Рәміздер — Мәңгілік Елдің Мәңгі Мақтанышы

Бүгін / ШҚО

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Өскеменде патриоттық рухтағы әсерлі флешмоб өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шараға аймақтағы полиция қызметкерлері, 5518 әскери бөлімінің сарбаздары және Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері белсене қатысты. Жиын барысында ел бірлігі мен тәуелсіздігін, рухани тұтастығын бейнелейтін Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көкке көтерілді. Бұл – ұлттың ұлы мұраты мен ортақ болашағын дәріптейтін ерекше сәт болды.
- Біз — ұлт ретінде сан түрлі болсақ та, бәрімізді біріктіретін ортақ құндылық бар. Ол — туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік. Ал көк ту халқымыздың өткен тарихы мен болашаққа деген сенімін, егемен еліміздің биік мұраттарын айқындайтын қасиетті рәміз, - дейді ұйымдастырушылар.
Шараға жиналған көп тілегі сол: көк байрағымыз көкте желбіреп, аспанымыз әрдайым ашық болсын!

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив