A+ A A-

talgatzhan 32 4-06-2025, 19:00 0

ШҚО әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзекті мәселелермен жүгінген азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дариға Исабаева Катонқарағай ауданындағы «Баян» емдеу-сауықтыру орталығына қолдау көрсету мәселесін көтерді. Кездесу барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу тетіктері мен туризм және марал шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

Қарлығаш Әлібекқызы, Евгений Яровой, Ербол Мауин және Динара Мұхтариева Өскемен қаласында 18 жастан асқан ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған орталықтың жоқтығы мәселесін қозғады. Облыс әкімі бұл мәселе бойынша қосымша ғимараттар мен жабдықтар есебінен кеңейту мүмкіндіктері қарастырылып жатқанын айтты.

«Diamond» тұрғын үй кешенінің үлескерлері құрылыс жұмыстарының ұзаққа созылуына алаңдаушылық білдірді. Облыс әкімінің айтуынша, «Қазақстан тұрғын үй компаниясымен» бірлесіп тұрғын үй кешенінің жаңа жобасы бойынша жобалау жұмыстары басталған, сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілген. Құрылысты қайта бастау 2025 жылдың қазан айына жоспарлануда.

Зайсан ауданынан келген Алыбек Мұқашев жылыжай құрылысы жобасын ұсынды. Облыс әкімі бұл бастаманы жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Ертіс» ӘКК-не нақты тапсырмалар берді.— Мұндай бастамалар шалғай өңірлер үшін өте маңызды – бұл жаңа жұмыс орындары және өңірдің дамуына қосылатын үлес, - деді ол.

Козыбаевтар отбасы жұмыспен қамтуға жәрдемдескені үшін облыс әкіміне алғыс айтты. Бүгінде Ляззат Козыбаева №16 мектепке жұмысқа орналасты.

Азаматтардың барлық өтініштері қаралып, көтерілген мәселелер шешілетін болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив