Сәуір айының қорытындысы бойынша ет және ет өнімдерінің құны бір айда 1,4%-ға, бір жылда 9,1%-ға артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Атап айтқанда, бір айда сиыр еті 2,2%-ға, жылқы еті 1,5%-ға, шошқа еті 0,7%-ға, қой еті 3,3%-ға қымбаттады. Құс етінің арзандауы байқалады. Жылдық көрсеткіште сиыр етінің бағасы 13,2%-ға, жылқы еті 4,9%-ға, шошқа еті 2,8%-ға, қой еті 11,1%-ға, құс еті 4%-ға өсті. Пісірілген шұжық бір айда 1,7%-ға, бір жылда 7,2%-ға қымбаттаса, ысталған шұжықтың бағасы бір айда 1,3%-ға, бір жылда 6,4%-ға артты.
Өңірлер бойынша бір айдың ішінде ет бағасы Батыс Қазақстан (2,9%). Жамбыл (2,6%) облыстарында және Шымкентте (2,1%) қымбаттады. Ең аз өсу Павлодар облысында тіркелді - 0,4%. Ал Ақмола облысында бағаның қымбаттауы байқалмайды.
Жылдық көрсеткіш бойынша ет бағасы Ұлытау облысында 14,9%-ға, Шымкент қаласында 13,6%-ға және Ақмола облысында 13,3%-ға артты. Ал Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш 12,1%-ды құрады.
Пікірлер