A+ A A-

talgatzhan 32 5-06-2025, 17:20 0

ШҚО-да құрбан шалуға арналған 12 орын белгіленді

Бүгін / ШҚО

6-8 маусымы аралығында облыс тұрғындары діни мерекелердің бірі — Құрбан айтты атап өтеді. Айт намазы 6 маусым күні таңғы сағат 07:00-де оқылады. Бұл жөнінде облыстың бас имамы Думан Сайфуллин Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мерекеге дайындық аясында қала және аудандарда құрбан шалуға арналған 12 ресми орын бекітілді. Аталған орындар жергілікті атқарушы органдармен келісілген және санитарлық талаптар мен қауіпсіздік нормаларына толық сәйкес келеді.

Құрбан шалуға болатын орындардың тізімі:

Өскемен — Атығай асуы, Алматы – Өскемен тасжолының бойында (Ұлан ауданы аумағында, байланыс мұнарасының жанында);

Риддер — Д. Қонаев атындағы мешіт;

Алтай ауданы — «Тенар» шаруа қожалығы, Толстов көшесі, 4;

Глубокое ауданы — «Шахан-Ата» фирмасы, Берестов көшесі;

Зайсан ауданы — «Караван» базары, Байтов көшесі, 34;

Катонқарағай ауданы — Абай көшесі, 82;

Күршім ауданы — Абылайхан көшесі, 1;

Самар ауданы — Аққала ауылы (Абай көшесі, 68) және Мариногорка ауылы (Пролетарская көшесі, 14);

Тарбағатай ауданы — Ақжар ауылы, «Тәуке» мал сою алаңы, Рысқұлов көшесі, 82;

Ұлан ауданы — Өскемен – Ұлан тасжолының бойындағы Атығай асуы;

Үлкен Нарын ауданы — Үлкен Нарын ауылы, Горный көшесі, 8/1;

Шемонаиха ауданы — Вокзальная көшесі, 236.

Биыл Марқакөл ауданында құрбан шалуға арнайы орын қарастырылмаған.

Мерекені ұйымдастыру жергілікті әкімдіктер мен діни бірлестіктердің тығыз ынтымақтастығымен жүзеге асырылуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив