A+ A A-

talgatzhan 30 5-06-2025, 19:00 0

ШҚО-да «Жастар күші – табиғат тынысы» эко-акциясы өтті

Бүгін / ШҚО

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жастар күші – табиғат тынысы» атты экологиялық акция өткізілді. Іс-шара жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін Эколог күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Акцияның мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін насихаттау, өңірдің табиғи ресурстарын көгалдандыру және қалпына келтіру бастамаларын қолдау болды.

Акция аясында экобелсенділердің, студенттердің, волонтерлердің және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатысуымен көшеттер отырғызу жұмыстары жүргізілді. Өңірдің жастары өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосты.

Бұл акция Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқан орман қорын қалпына келтіру жұмыстарының бір бөлігі болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында 15 мың гектар аумаққа 76 миллион көшет отырғызу жоспарланған.

Соңғы төрт жылда өңір аумағында 4,8 мың гектар жерге 24,4 миллион көшет отырғызылды — барлық жоспарлық көрсеткіш толық көлемде орындалды.

Биыл жоспарлар белсенді жүзеге асырылып жатыр: 3 309 гектар жерге 15,7 миллион көшет отырғызу көзделген.

Облыстық волонтерлік фронт-офис жетекшісі Айдос Әділбеков «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында ағартушылық қызметтерінің дамуы туралы айтты. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – жастарды экологиялық волонтерлік бастамаларға тарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Айдос Әділбеков атап өткендей, экологияны қорғауда жас ұрпақ маңызды рөл атқарады, сондықтан осындай шаралардан бөлек олар үшін лекциялар, семинарлар және тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар жастардың жоғары белсенділігін атап өтіп, табиғатты қорғауға және өңірдің жасыл инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін қатысушыларға алғыс білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив