A+ A A-

talgatzhan 31 9-06-2025, 10:50 0

ШҚО-да 7 заманауи мектеп салынады

Бүгін / ШҚО

ШҚО Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында өңірде 3 мың оқушы орнына арналған 7 заманауи білім ордасының құрылысы жоспарланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінгі таңда Шемонаиха, Риддер, Өскемен қалаларында және Глубокое ауданына қарасты Белоусовка кентінде 5 мектеп пайдалануға берілді.

Оның ішінде Шемонаихадағы Шәкәрім атындағы №4 жалпы білім беретін мектеб мен Риддердегі №12 жалпы білім беретін мектебі апатты жағдайдағы мектептердің орнына салынып, 1 сәуірде іске қосылды. 

Өскемендегі №31 жалпы білім беретін мектебі, №40 жалпы білім беретін мектебі мен Глубокое ауданындағы №2 Белоусовка жалпы білім беретін мектебінде білім беру қызметіне лицензия алу үшін қажетті құжаттар әзірленіп, тиісті рәсімдер жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар аймақта тағы екі мектептің құрылысы жалғасуда. Олар: Глубокое ауданындағы №2 Опытное поле жалпы білім беретін мектебі және Өскемендегі №41 жалпы білім беретін мектеп (Есенберлин көшесі).

Осылайша, «Келешек мектебі» ұлттық жобасы заман талабына сай, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Бұл өңірдегі білім сапасын арттыруға елеулі үлес қосады.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив