A+ A A-

talgatzhan 0 9-06-2025, 11:15 0

ШҚО-да үш кене энцефалиті анықталды

Бүгін / ШҚО

Биыл Қазақстанда кене энцефалитінің 17 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 жағдайға артық, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ең көп сырқаттанғандардың саны Солтүстік Қазақстан облысында байқалады (6 адам).  Сондай-ақ Ақмола облысында төрт адам, Шығыс Қазақстан облысында үш адам, Алматы облысында екі адам, Павлодар облысында және Алматыда бір адам  кене энцефалитін жұқтырған. 
Бұл климаттың өзгеруіне және ерте жылынуға байланысты кене таралу аймағының кеңеюін көрсетеді.
Алғашқы алты айда 8 840 адам кене шағып алғаннан кейін дәрігерлерге жүгінді, оның 3 444-і 14 жасқа дейінгі балалар. Зардап шеккендердің 88%-ы (7 736 адам) иммуноглобулин алды. Қалған 12%-ы препаратты бірқатар себеп бойынша алған жоқ.
Сондай-ақ кенеге қарсы көктемгі өңдеу өтті. 279 қолайсыз елді мекеннің айналасында санитарлық қорғау аймақтары құрылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив