A+ A A-

talgatzhan 55 9-06-2025, 14:20 0

Алтай ауданында 49,6 млрд теңге инвестиция тартылады

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімі Ренат Құрмамбаевтің сөзінше, 2024–2028 жылдар аралығында 49,6 млрд теңге инвестиция тарту арқылы 7 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
- Ауданның экономикасын әртараптандыру мақсатында қолда бар әлеует толықтай сараланып, тиімді географиялық орналасуы, энергетикалық және табиғи ресурстардың қолжетімділігі ескеріліп, экономикалық өсудің басты нүктелері айқындалды, - деді ол. 
Белгілі болғандай, жыл басынан бері өндіріс көлемі 7,8%-ға (12 млрд 719 млн теңге), ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 118,5%-ға (2 млрд 756 млн теңге), бөлшек тауар айналымының көлемі 109,2%-ға (14 млрд 828 млн теңге) артты. 
- Мемлекет басшысы өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тартудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Алтай ауданы ауыл шаруашылығы саласында серпінді даму әлеуетіне ие. Бүгінгі таңда бес тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді. Сиыр басы 6306-ға жетіп, өндірілген сүт көлемі 2915,1 тоннаны құрап отыр. Бұл көрсеткіш – ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы нақты қадамдардың айғағы, - дейді Ренат Құрмамбаев. 
1 мамырдағы жағдай бойынша ауданда 3445 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Онда 9,5 мың адам еңбек етіп, экономикалық белсенді халықтың 28%-ын құрап отыр. Ал өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 10,9 млрд теңгеге жетті.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив