Өңірдегі тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар қызметі өкілдері орманда адасып кеткен тұрғынды тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
7 маусым күні Старая Черемшанка ауылының 68 жастағы тұрғыны дәрілік шөп жинау үшін Зимовье ауылына жақын орман алқабына кеткен. Келесі күні ол жақындарына қоңырау шалып, орманда адасып, кері жолды таба алмай қалғанын хабарлаған.
Іздестіру жұмыстарына полиция мен құтқару бөлімшелері, еріктілер мен бейжай қарамайтын азаматтар жұмылдырылды. Сондай-ақ ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы, мобильді топтар, дрондар, радиобайланыс құралдары қолданылды.
Іздестіру басталғаннан кейін бірнеше сағат ішінде әйел адам орман ішінде табылды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жақындарына тапсырылды.
Пікірлер