A+ A A-

talgatzhan 43 9-06-2025, 15:10 0

ШҚО тұрғындары тұтынушылардың құқықтары туралы біле ме?

Бүгін / ШҚО

2024 жылы ҚР Сауда және инстаграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті жүргізген сауалнамаға сәйкес қазақстандықтардың 91%-ы тұтынушылардың құқықтарын реттейтін заңнамалық актінің бар екенін біледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өңірлер арасында Батыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарының тұрғындарының 95%-ы заңды жақсы біледі. Ал ең төменгі көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Мұнда азаматтардың 87%-ы өз құқықтары жөнінде хабардар.
Респонденттердің 31%-ы сапа құқығы, 30%-ы келтірілген зиянды өтеу құқығы туралы хабардар. Тағы 12%-ы моральдық зиянды өтеу жөніндегі құқығын білсе, 5%-ы қауіпсіздік құқығы, ақпарат алу және қоғамдық бірлестіктер құруға қатысты құқықтарымен таныс. Азаматтардың 4%-ы айыппұл өндіру құқығы туралы хабардар.
Елімізде тұтынушылардың құқықтарының сақталуына қатысты респонденттердің 74%-ы жағдайды оң бағалаған, 16%-ы – орташа баға берді, 5%-ы жауап беруге қиналған, тағы 5%-ы жағдайға қанағаттанбайтындарын айтқан. 
Сауалнамаға қатысқандардың 74%-ы мемлекеттік реттеудің арқасында тұтынушылар құқықтарының сақталуы жақсарды деп есептейді. Ал 6%-ы жағдайдың нашарлағанын, 11% ешқандай өзгеріс болмағанын жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив