Алматы қаласында джиу-джитсудан «Самурай Абсолют» атты ашық чемпионат өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Аталған додаға Қазақстаннан бөлек, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресейден мыңнан астам спортшы келіп қатысты. Өскемендегі мамандандырылған жасақтың өрт сөндіруші-құтқарушысы Аслан Советов 69,5 келі салмақ дәрежесінде екі санат бойынша — «GI» және «NO-GI» түрлерінде сынға түсті. Ол қос санатта да үздік атанып, 1-ші орын иеленді. Осылайша, жерлесіміз қыркүйек айында өтетін Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.
Аслан Советов бала кезінен түрлі жекпе-жек түрлерімен айналысып келеді. Өткен жылы Мәскеуде өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған еді.
Құтқарушылар қатарына ол осыдан он жыл бұрын қосылған. Жұмыс пен спортты қатар алып жүрген Асланның жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне табандылығы мен еңбекқорлығы негіз болды.
Пікірлер