A+ A A-

talgatzhan 37 10-06-2025, 10:25 0

ШҚО оқушылары халықаралық жарысқа қатысады

Бүгін / ШҚО

"Shygys Aibyn-2025" облыстық жарысының жеңімпаздары халықаралық байқауға қарқынды дайындық үстінде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімнің аумағында өткен "Shygys Aibyn-2025" облыстық әскери-патриоттық жарысында Алтай қаласындағы С.Нұрмағамбетов атындағы мектептің оқушылары жүлделі орын иеленіп, облыс намысын халықаралық деңгейде қорғау мәртебесіне ие болды.

Қазір алтайлық жас сарбаздар Ақтөбеде ұйымдастырылатын республикалық "AIBYN-2025" байқауына дайындалып жатыр. 

– Біз күн сайын саптық дайындық, спорттық жаттығулар мен алғашқы көмек көрсету сабақтарына қатысып жатырмыз. Әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындауға тырысамыз. Алдағы жарыста үздік нәтиже көрсету – басты мақсатымыз, – дейді 8 сынып оқушысы Рыспек Әлімхан.

Жаттығу барысында оқушылар саптық даярлық, әскери-қолданбалы спорт түрлері, алғашқы медициналық көмек көрсету және тактикалық іс-қимылдар бойынша шыңдалуда. 

– Балаларда нағыз жауынгерлік рух бар. Командалық ауызбіршілік пен тәртіпті сақтай отырып, олар үлкен байқауға сенімді дайындалуда. Оқушылардың ынтасы жоғары, – дейді “Жас Сарбаз” балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының ШҚО филиалы Республикалық қоғамдық төрағасы Дәурен Шоматов.

Жарысқа қатысуға Қазақстаннан бөлек 11 мемлекеттен өтінім берілді. 

Шығысқазақстандықтар 19 маусымда жолға шығады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив