A+ A A-

talgatzhan 46 10-06-2025, 10:30 0

ШҚО-да «Борышкер» жедел алдын алу шарасы басталды

Бүгін / ШҚО

Өңірде 10-12 маусым аралығында республикалық «Борышкер» жедел алдын-алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс жолдарында полиция қызметкерлерінің, прокуратура өкілдерінің, жеке сот орындалушыларының аймақтық палатасының қатысуымен рейдтік тексерулер ұйымдастырылады.
Басты мақсат - айыппұл өндіру туралы қаулыларды орындаудан жалтарып жүрген азаматтарды анықтау. 
ШҚО Полиция департаменті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 810-бабына сәйкес, азаматтар хаттама толтырған уақыттан бастап 7 тәулік ішінде айыппұлдың 50 пайызын төлеуге құқылы екенің еске салады. Немесе айыппұлды өз еркімен 30 күн ішінде төлеу қажет. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіру үшін материалдар атқарушы органдарға жіберіледі. 
ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды ережені сақтауға және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив