A+ A A-

talgatzhan 30 10-06-2025, 14:25 0

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамаған 71 адам жауапкершілікке тартылды

Бүгін / ШҚО

ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, көп жағдайда ашық аумақтағы және саяжай қауымдастықтарының маңындағы шөптер жанады. Бұған басты себеп – отты абайсыз пайдалану, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өрт қаупі бар кезең басталғалы облыс аумағында 6 орман өрті, 1 дала өрті және 15 жану фактісі тіркелген.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 52 мобильді топ құрылып, 340 рейд өткізілді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 71 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабы бойынша 46 адам, 336-бабы бойынша 15 адам). 

Осы ретте ШҚО ТЖД тұрғындарды дала және орман алқаптарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Қауіпсіздік мақсатында және өрттің алдын алу үшін орман аймақтарына азаматтардың баруын шектеу ұсынылады.

Орманда от жақпау керек. Балаларға от пен сіріңке арқылы ойнаудың қауіпті екенін түсіндіру қажет. Жол жиегімен жүріп келе жатып, автокөлік терезесінен сөндірілмеген темекі тұқылын тастауға болмайды.

Саяжай учаскелерінде: алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс. Үй маңында аумақты тазарту кезінде от жағуға қатаң тыйым слынады.

Рұқсат етілмеген от пен алау жағу, құрғақ шөпті бақылаусыз өртеу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау ҚР ӘҚБтК-нің 336 және 410 баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив