Синоптиктердің айтуынша, алдағы аптада аптап ыстық болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірде негізінен құрғақ және ашық ауа райы күтіледі. Күндіз кей жерлерде ауа температурасы +33°С-қа дейін көтеріледі.
— 10 маусымнан бастап ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз сынап бағанасы бірте-бірте +31...+33 градусқа дейін жоғарылайды, — делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде.
Өскеменде де күн ашық, ыстық ауа райы күтіледі: күндіз +29...+32°C, түнде +15…+18°C.
Пікірлер