21 маусым сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында тегін тексерістен өтуге болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара бас және мойын, қуық асты безінің қатерлі ісігін диагностикалауға және алдын алуға арналады.
Бұл күні учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз жетекші онколог-мамандардың кеңесін алуға болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Мекен-жайы: Өскемен қ., Потанин көшесі, 6, 1 ғимарат (емхана).
Телефон нөмірі: 8 778 003 78 45, +7 (7232) 48 91 51.
Пікірлер