Прокуратура органдары активтерді қайтару және оларды заңды экономикалық айналымға одан әрі тарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет республика аумағында 333 әлеуметтік нысанның құрылысын мақұлдады.
Өңірде 7 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, Өскемендегі гематология орталығы, Риддердегі аурухана кешені, Шемонаиха ауданының Волчанка ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде, Бозанбай, Отрадное ауылдарында және Шемонаиха ауданының Үлкен Өзен ауылындағы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту.
Риддердегі қазіргі аурухана 70 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Ол қала азаматтарына, қала маңындағы 8 ауылға және Глубокое ауданының Черемшанка ауылының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Мекеменің корпустары қаланың түрлі бөліктерінде орналасқан, бұл азаматтарға қызмет көрсету үшін қолайсыздық туғызады.
Активтерді қайтару бойынша жұмыс аясында өткен жылы Арнайы мемлекеттік қордан осы аурухананың құрылысын аяқтауға қаражат бөлінді.
Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Бұдан бөлек, Ұлан ауданының Асубұлақ кенті мен Отрадное, Бозанбай ауылдарында 3600 тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жобалар іске асырылуда.
Бұл көпжылдық инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Пікірлер