ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елге келген туристердің жайлы және қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министр демалушылардың қауіпсіздігін күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің салалық мекемелеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.
- Аймақта туристердің қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданды. Демалыс аймақтарында отандық және шетелдік туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау қажет. Қауіпсіздік мәселесі тұрақты бақылауда, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
ШҚО Полиция департаменті қоғам белсенділері мен еріктілермен бірлесіп, туристік аймақтарда полиция жасағы тұрақты патрульдейтін бағыттарды әзірледі.
Сонымен қатар құрамында патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және ШҚО ТЖД мамандары бар мобильді топтармен рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Бұл топтар әкімшілік заңнаманың орындалуын, судағы қауіпсіздік ережелері мен санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайды. Демалыс және мереке күндері олардың жұмысы күшейтіледі.
Патрульдік автокөліктер қажетті құтқару құралдарымен жабдықталған.
Пікірлер