Ұлттық статистика бюросы елдегі қонақүйлер мен туристік нысандарда тұру құнына қатысты 2025 жылдың алғашқы үш айының деректерді жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстан бойынша бір төсек-орынның бағасы - 14 000 теңге.
Ең қымбат баға Алматы мен Астана қалаларында тіркелді. Мұндағы қонақүйлерде тұрудың орташа құны - 24 700 теңге және 18 150 теңге.
Жоғары баға тіркелген өңірлер қатарына Маңғыстау облысы (шамамен 15 000 теңге), Алматы облысы (13 800 теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (11 720 теңге) енді.
Пікірлер