Қазақстан көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтері қызыл жалынға оранды, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер түтін таралған аймақтан 18 тұрғынды, оның ішінде үш баланы эвакуациялады. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады.
Отқа оранған пәтерден 1946 жылы туған үй иесі шығарылып, жедел жәрдем дәрігерлерінің тексеруінен кейін емдеу мекемесіне жеткізілді.
Осы ретте ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Пікірлер