Өскеменде «SANDYQ» этномейрамханасы мен «TARY» этнокофеханасы, ал Катонқарағайда этноауыл мен этноқонақ үй ашылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл ұмыт болған дала асханасының рецептерін қайта жаңғыртуға, пайдалы тағамдарды әзірлеу дағдыларын дамытуға және жалпы халықтық дәстүрлердің тереңіне үңілуге мүмкіндік береді.
Ал қазақ асханасына тән этнокофехананың ашылуы – пайдалы сусындарды дайындауға бағытталған жаңа жоба. Мәселен, кофе дәндерінің орнына өңделген тары, өңірде өсетін жидектер мен шөптер пайдаланылады.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, аймақта отандық және шетелдік туристерді тартуға қолайлы жағдай жасау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Пікірлер