A+ A A-

talgatzhan 38 12-06-2025, 14:30 0

ШҚО-да аптап ыстық күтіледі

Бүгін / ШҚО

"Қазгидромет" облыстық филиалының мәліметінше, 13 маусымда ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Облыстың солтүстігі, орталығы және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Осыған байланысты азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:
Сыртқа шығуды мүмкіндігінше шектеу, әсіресе күннің ең ыстық уақыты – сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін;
Көшеде жүргенде асықпай қозғалу, көлеңкеде болуға тырысу;
Алкогольді ішімдіктерден бас тарту;
Өрт қаупі жоғары кезде табиғатта немесе үй маңында от жағуға тыйым салынады.
Төтенше жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив